|
• кластерлік негізде бірыңғай экономикалық нарығын құру;
• инвестициялар мен инновацияларды тарту үшін қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыру;
• ивестициялық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
• әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
• пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, өңдеу, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген пайдалы қазбалар қорының түрі мен көлемі тізбесінде белгіленген жалпы таралғандарын да;
• мемлекеттік органдармен мемлекеттік меншік активтерінің бір бөлігін, жерін Қоғам меншігіне тапсырып беру бойынша өзара әрекет жасау;
• мемлекетпен Қоғамның жарияланған акцияларын төлеуге берілген ұйымдарды сауықтыру және қайта құрылымдау бойынша жобаларды әзірлеу және іске асыру немесе олардың негізінде жаңа өндірістер құру;
• бизнес жобаларды іске асыру, оның ішінде концессия мен кластерлік бастама негізінде;
• шағын және орта бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайлар жасау;
• мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өндірістер құру.
• Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамды құру мақсатына қарама- қайшы келмейтін өзге қызмет.
|