|
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Солтүстік» |
||
|
Жер қойнауы
«Солтүстік» ӘКК шикізат базасында жер қойнауын пайдаланудан бос деп:
бекітілген қорларымен жалпы таралған пайдалы казбалардың бос кен орындарының 140 жуығы есептеледі, олардың ішінде: — кірпіш шикізаты – 98 (қоры 61, 1 млн. м3), — құрылыс тасы – 16 (163, 0 млн. м3), — құм – 14 (98, 1 млн. м3), — әктас – 3 (3, 4 млн. м3), — құм-қиыршық тас қоспасы – 2 (8, 5 млн. м3), — әрлеу тасы – 1 (0, 7 млн. м3), — ас тұзы – 1 (42, 5 млн. м3). Сонымен қатар, қатты пайдалы қазбалардың бос кен орындары бар: Таскендір Ялта кені, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан. Аққан-Бірлік өзінінің орта ағымында Чистополье кентінен 8 км батысқа қарай орналасқан. Актиналит- таскендір қоры (C1+C2) 2230, 8 т. құрайды. Қалайы Донецкое кен орны, Тайынша ауданы. Көкшетау қаласынан СШ қарай 70 км және Сырымбет кен орнынан 120 км орналасқан. 1989 жылы анықталды. Кен қоры 32409 мың т., қалайы –50 мың т. орта шамамен алынған құрамы 0, 154% болғанда. Орлиногорск кен орны, Тайынша ауданы. Тайынша және Есіл аудандарының шекарасында орналасқан, Саумалкөл аудан орталығынан СШ қарай 90 км. Қалайы қоры (B+C1+C2 санаттары бойынша) 848, 6 т. құрайды Титан-цирконий Славянское, Тобыл кен орындары, Тайынша ауданы. Қоры 6190, 0 мың м3. Қайта барлауды талап етеді. |
|
|
© 2013 ӘКК «Солтүстік»
Барлық құқықтар қорғалған. |
Қазақстан Республикасы,
Солтүстік-Қазақстан облысы, 150000, Петропавл қ., Парк көшесі, 57в Тел.: +7 (7152) 50–08–30 Факc: +7 (7152) 53–15–44 E-mail: spk.sko@mail.ru |