|
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Солтүстік» |
||
|
Орналасқан жері
Облыс аймағының басым бөлігі Батыс-Сібір жазықтығының оң жақ шетінде орналасқан, жер үстінің деңгейі 200 метрден аспайды және Тобыл мен Ертіс өзеңдерінің алқабы арасында үлкен кеңістіктер алатын көне көлдік неогендік платосына жатады. Бұл аймақтың өзен аралығы үстіңгі жағынан неоген жасындағы және көлдік генезистік тығыз сары балшық таужыныс қабаттарынан тұрады.
Облыстың солтүстік-шығыс жағы Қалибек, Үлкенқара, Теке, Селетітеңіз тұзды көлдердің ірі тұйықталған шұңқырлар жүйесімен ерекшеленеді. Шұңқырлардың еңіп кетуі 40–60 м құрайды, бірақ көлдері таяз. Теке көлінің шұңқырында облыстың жер үстінің ең төмен нүктесі орналасқан, теңіз деңгейнен 29 м жоғары. Ең биік тау — Жақсы Жаңғызтау -731 м. Облыстың оңтүстік – батыс бөлігі Қазақ ұсақ шоқыларға жатады (Сары-Арқа) және Көкшетау қыратының солтүстік батыс жағына жатады. Солтүстіктен оңтүстікке дейін тура жүрсе, арақашықтығы 375 км, батыстан шығысқа дейін — 602 км болады. |
|
|
© 2013 ӘКК «Солтүстік»
Барлық құқықтар қорғалған. |
Қазақстан Республикасы,
Солтүстік-Қазақстан облысы, 150000, Петропавл қ., Парк көшесі, 57в Тел.: +7 (7152) 50–08–30 Факc: +7 (7152) 53–15–44 E-mail: spk.sko@mail.ru |