|
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Солтүстік» |
||
|
Біздің облысымыз
Солтүстік Қазақстан облысы – республиканың солтүстік қақпасы. Облысымыз 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылған, 1999 жылғы 8 сәуірден бастап қазіргі шекарасы пайда болды. Облыстың аумағы 97, 99 мың шаршы км. және республика аумағының 3, 6% құрайды. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 583, 7 мың адамды, немесе республика халқының жалпы санынан 3, 5 пайызды құрайды.Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы –Петропавл қаласы, негізі 1752 жылы қаланған. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 204, 8 мың адамды құрайды. Облыста 13 әкімшілік аудан бар: Айыртау, Ақжар, Аққайың, Ғ. Мүсірепов атындағы, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, М. Жұмабаев, Мамлют, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын аудандары. 204 селолық округ бар. 4 шағын қала —Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеевка; 4 қала түріндегі кент — Смирнов, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл. Облысымыз Қазақстанның Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекаралас. |
|
|
© 2013 ӘКК «Солтүстік»
Барлық құқықтар қорғалған. |
Қазақстан Республикасы,
Солтүстік-Қазақстан облысы, 150000, Петропавл қ., Парк көшесі, 57в Тел.: +7 (7152) 50–08–30 Факc: +7 (7152) 53–15–44 E-mail: spk.sko@mail.ru |